Қылмыстан зардап шеккен қазақстандықтарға өтемақы төленетін болады

Фотография - Қылмыстан зардап шеккен қазақстандықтарға өтемақы төленетін болады

Фото: ©Арман Мұқатов

Жаңадан құрылатын қордың заңды тұлғасы, басқаратын орган мен әкімшілік шығындары болмайды, - дейді Бақыт Сұлтанов.

333 0

Мәжіліс депутаттары пленарлық отырыста «Зардап шеккендерге өтемақы қоры туралы» заңның жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Today.kz.

«Заң жобасы қылмыстық заңбұзушылықтан зардап шеккендердің бөлек санатына өтемақы төлеудің құқықтық негізін анықтайды. Олардың санаты қылмыстық кодекстің 62 бабы бойынша анықталған», - деп түсіндірді қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, заң жобасын таныстыру кезінде.

Құжат зардап шеккен адамға алғашқы уақытта, құқыққорғау органдары тиісті шаралар жүргізіп жатқан кезде көрсетілетін ең төменгі қолдау. Кейін бұл өтемақыны прокурорлар кінәлі адамға міндеттейді.

«Төлеу құралы ретінде Зардап шеккендерге өтемақы қоры саналады. Оның құрылуына қылмыстық-процессуалдық кодекс мүмкіндік береді. Қордың жұмыс істеу механизмі қазынадағы бақылау есепшот арқылы жүргізіледі. Бұл ең үнемді схема. Қорда заңды тұлға, басқаратын орган, әкімшілік шығын болмайды. Бұл қаржы түсіп, тиісті мақсатқа жұмсалатын қор. Төлемдерді бақылау қазына арқылы жүргізіледі»,-дейді Сұлтанов.

Өтемақы үш санат бойынша төленеді. Ол сексуалды қорлау құрбандары болған жасөсіпірімдер, ҚР ҚК сегіз бабы бойынша анықталған адам саудасы мен қорлаудың құрбандары (30 МРП – 63 630 теңге). Екінші санатта – денсаулығына ауыр зиян келген  зардапшегушілер, ҚР ҚК он тоғыз бабы бойынша ВИЧ, СПИД вирустарын жұқтырғандар (40 МРП – 84 840 теңге). Үшінші санатта – ҚР ҚК отыз бес бабы бойынша анықталған зардап шегіп қаза тапқан адамның туыстары (50 МРП – 106 050 теңге).



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!