Баян Есентаева күйеуін кешірді – қорғаушы

Фотография - Баян Есентаева күйеуін кешірді – қорғаушы

фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Продюсерді сотта қазақстандық әнші, актриса Аша Матайдың әкесі қорғап жатыр.

578 0

Баян Есентаева күйеуін кешіріп, оған қатысты қылмыстық тергеуді тоқтатуды сұрады. Бұл туралы Today.kz тілшісіне продюсердің адвокаты хабарлады. Сонымен қатар, оны сотта қорғап жатқан адвокат әнші, актриса Аша Матайдың әкесі екені белгілі болды.

Талдықорғанда қазанның он сегізі күні Бақытбек Есентаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот процессі басталған еді. Белгілі продюсер сотқа өзінің қызы Айсәуле Бақытбек пен апасы Бағым Мухитденовамен бірге келді.

Баян Есентаева маусымның оны күні бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен ауруханаға түскен болатын. Оны өлтірмек болды деген күдікпен продюсердің күйеуі Бақытбек Есентаев тұтқындылды. Кейін оның оқиға кезінде мас болғаны анықталды. Тергеушілердің болжамы бойынша, Есентаевтар арасындағы дау қызғаныш негізінде туған. Жұбайлар Бақытбек Есентаевтың жиенімен бірге Алматы сыртында көлікпен келе жатқан. Жол бойында қызғанышқа булыққан күйеуі Баянды ұра бастайды. Жолдағы бензин құю станцияларының бірінде күйеуі көлікті жүргізіп келе жатқан жиенін түсіріп тастап, әйелін одан ары соққы жығып, пышақтап тастайды. Оқиға орнына жеткен олардың қызы (істегі материалдар бойынша) әкесін тоқтатып, анасын Талғардағы ауруханаға жеткізіп үлгереді.

20 маусымда Баян Есентаеваны ауруханадан шығарып, операция жасаған дәрігер оның мұрнына пластикалық операция жасау қажетілігі бар екенін айтқан еді.

25 тамызда шетелде емделген Баян Есентаеваның Қазақстанға оралғаны белгілі болды. Ол өзінің Instagram парақшасында бетін көрсетіп түскен алғашқы суретін жариялады. Бұған дейін продюсер желіге тек арқасын көрсетіп тұрған суреттер ғана салып келді.

Қыркүйектің бірі күні Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы оның неліктен мұндай қылмысқа қарғанын айтқан еді. Бекболат Жексейітовтың айтуынша, ол әйелін қызғанып, ажырасқысы келмегендіктен осындай қадамға барғанын айтқан. Кейін оның тек Баянды өлтіру әрекеті үшін ғана емес, оны зорлағаны үшін айыпталып жатқаны белгілі болды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!