Мектептерде хиджаб киюге болмайды – ҚР Үкіметі

Фотография - Мектептерде хиджаб киюге болмайды – ҚР Үкіметі

көрнекі сурет

Мектептерде қандай болмасын дінге насихат жасауға тыйым салынады.

578 0

Білім және ғылым министрлігі, Әділет министрлігі, ҚР дін және азаматтық қоғам істері жөніндегі министрлігі өкілдері мектептерде хиджаб киюге тыйым салынатыны туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Today.kz.

ҚР БҒ министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиеваның сөзі бойынша, мектептерде қандай болмасын дінге баулуға тыйым салынады. Сонымен қатар, мектеп киіміне қойылатын талаптар туралы айтып берді.

«ҚР БҒМ 2016 жылы қаңтардың 14 күні шыққан №26 бұйрығы бойынша барлық мектептерге біріңғай мектеп формасы енгізілген. Соған сәйкес, мектеп формасы пенжек, жилет, шалбар, күнделікті және мерекеге арналған көйлек, белдемше, классикалық көйлек болуы тиіс. Ұлдар мен қыздарға арналған шалбардың ұзындығы міндетті түрде тобықты жауып тұруы керек. Діни бағыттағы киімдер қиюге болмайды. Заңның қойылған талаптары барлық діндер мен конфессияларға бірдей қолданылады», - деп атап өтті Суханбердиева.

Біріңғай киім үлгісі 2016 жылы Қазақстанның 4 761 мектебіне енгізілген. Екі миллионнан аса мектеп оқушысы осы талап бойынша киініп жүр. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!