Қазақстан театрларының қауымдастығы құрылды

Фотография - Қазақстан театрларының қауымдастығы құрылды

көрнекі сурет

Жанжалдан кейін ҚР театр қайраткерлерінің одағы екі бөлінді

370 0

Қазақстанда жаңа қоғамдық ұйым – Қазақстан театрлар қауымдастығы құрылды. Оның президенті болып КСРО халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтар лауреаты, Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық театрдың көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов тағайындалды, деп хабарлайды Today.kz.

Театр қайраткерлері одағы мен оның жетекшісі Тұңғышбай Жаманқұлов айналасындағы бітпейтін жанжалдардан кейін театр мамандары осындай шешімге келген.

Театр қызметкерлерінің пайымдауынша, отандық театр өнерін қолдау мақсатында ешқандай әрекет жасай алмайтын ұйымда мүше болу мүмкін емес болған. ТҚО-нан мүшеліктен кетуге себеп болған тағы бір жайт, ол -  Тұңғышбай Жаманқұловтың ұйым мен театр беделін түсіруі.  Нақтырақ айтқанда, Жаманқұловтың есімімен байланысты "Феникс" фильмі айналасындағы жемқорлық туралы ақпарат әсер еткен.

«Біз, Қазақстан театрлар қауымдастығы, көп ұлтты мәдениетімізді халықаралық деңгейде уақыт талабына сай көрсететінін мәлімдейміз»,- делінген ҚР мемлекеттік республикалық театрлардың құрылтай жиналысындағы шешімдерде. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!