1188

Қазақстанда мәслихаттар депутаттарын сайлау өтіп жатыр

Сайлауды ұйымдастыру және өткізуге 223 сайлау комиссиялары жұмылдырылған.
Фотография - Қазақстанда мәслихаттар депутаттарын сайлау өтіп жатыр Көрнекі фото

Қазақстанда орындарын босатқан депутаттарды алмастыратын үміткерлерге дауыс беру басталды, деп хабарлайды Today.kz ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мониторинг деректеріне сәйкес, кандидаттардың үгіт жұмысы негізінен сайлауалды үгіттік плакаттар мен листовкаларды әзірлеу мен тарату нысанында, сондай-ақ өңірлік баспа бұқаралық ақпарат құралдарында бағдарламалық мақалалар жариялау арқылы жүргізіледі»,- делінген баспасөз хабарламасында.

 Сайлауды ұйымдастыру және өткізуге 223 сайлау комиссиялары жұмылдырылған. Атап айтқанда, олардығ 33 – аймақтық, 30 – округтік және 160 – учаскелік сайлау комиссиялары. Осы комиссияларға бір жарым мыңнан астам адам мүшелік етеді. Олардың барлығы сайлау өткізу үшін қажетті деңгейдегі дайындықтан өтті.

Дауыс беруге арналған үй-жайларды сайлау кабиналарымен, тұрақты және алып жүретін жәшіктермен, қажет байланыс құралдарымен, көлікпен, компьютерлік және көбейту техникасымен жарақтандыру аяқталды, сайлау бюллетеньдері жеткізілді.

Сонымен қатар учаскелік сайлау комиссияларының үй-жайларында сайлаушылар тізімдерін нақтылау процесі жалғастырылуда. Сайлаушылар дауыс беру күніне дейін және сайлау күні сайлау учаскесіне келіп, сайлаушылар тізімдеріндегі өзі туралы деректерді тексере алады.    

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 20.00-ге дейін 160 сайлау учаскесінде өтеді.

Дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін байқауға кандидаттардың сенім білдірген адамдары, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, ҮЕҰ-ның, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.

Қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясына мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанына байланысты шағымдар мен өтініштер келіп түскен жоқ.

Естеріңізге саламыз, Қазақстанда 20 наурыз күні ҚР Парламент Мәжілісіндегі 98 депутаттық орынға үміткерлерді кезектен тыс сайлау науқаны өтті.

 


Загрузка...