Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбай ісін қайта қарай бастады

Қазақстан
2101
Сот қарауы қытай тілінде жүргізіледі.

ҚХР Гуандун провинциясына қарасты Гуанчжоудың бірінші инстанциялы сотында Ақжарқын Тұрлыбай ісі қайта қарала бастады, деп хабарлайды Today.kz "Қазақпарат" ХАА-ға сілтеме жасап.

"Отырысты үш судья жүргізіп, оған айыптаушы тараптан екі өкіл, екі қытайлық қорғаушы, Қазақстаннан келген адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов, ҚР Қытайдағы елшілігінің консулдық бөлім жетекшісі Болат Сырлыбаев, аудармашы, стенографист, екі жасауыл және Ақжарқын Тұрлыбай қатысып отыр", - делінген хабарламада.

Аудармашының қатысуына қарамастан, Ақжарқын Тұрлыбай оның ұсынған қызметінен бас тартып, сот қарауын қытай тілінде жүргізуді жөн деп тапқан.

Басылымның мәліметтері бойынша, адвокаттар Ақжарқынның кісендерін шешіп, жылы жамылғы берілуін сұраған. Судьялар бұл ұсынысты қабылдаған.

Естеріңізге саламыз, Гуандун апелляциялық сот шекарадан есірткіні заңсыз тасымалдаған деген айыппен А. Тұрлыбайды өмір бойына бостандығынан айыру жөніндегі шешімнің күшін жойған. Бұл шешім жарияланғанда, сотта ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі, ҚР Қытайдағы елшілігінің консулдық бөлім жетекшісі Болат Сырлыбаев, адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов, қытайлық қорғаушылар Сяо Чжаньдэ мен Фэн Чжицзянь На оглашении присутствовали представитель Министерства иностранных дел РК, консул посольства Казахстана в Китае Болат Сырлыбаев, адвокат Сункар Нурмагамбетов и китайские адвокаты Сяо Чжаньдэ и Фэн Чжицзянь қатысқан. Ақжарқын жерлестеріне көрсеткен қолдаулары үшін ризашылығын білдірген.

Қазақстандық 21 жасар бойжеткен 2014 жылдың наурызында Гуанчжоу әуежайында 4 кг. амфетамин контрабандасы үшін ұсталған. Бойжеткен Қытайға сәнді киім үлгілерін тасушы болып жұмыс істеуге барған. Оның айтуынша, есірткіні оған біреулер астыртын салып жіберген. Бұл қылмыс үшін қытайлық сот оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Есірткінің, психотроптыз заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия аймақтық ақпараттық орталығы бойжеткеннің нигериялық наркомафияның құрбаны болғаны жөнінде мәлімдеді. Бойжеткен мүддесін қорғау барысында бұл үәждің пайдасы тиюі мүмкін. Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй қытайлық тараптың қазақстандық азаматшаны еліне қайтару мүмкіндігі туралы мәлімдеген болатын.

Гуанчжоуда 7 сәуір күні өткен сот отырысында Ақжарқын Тұрлыбай пайдасына жарияланған бірқатар факт істің қаралу барысын күрт өзгертіп, сот бұрын шығарылған шешімнің қайта қаралуы керектігі туралы мәлімдеген. 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить