1383

«Қазақстан» РҰТ ҚМО-ын «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» жобасы үшін соттатты

«Қазмедиа орталығының» өкілдерін ток-шоу түсірілімінің бейне материалдарын жоғалтты деп айыптады.
Фотография - «Қазақстан»  РҰТ  ҚМО-ын  «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» жобасы үшін соттатты Сурет: today.kz

«Қазақстан» телеарнасы  Қазмедиа орталығымен  болған сотты жеңіп шықты деп хабарлады Today.kz. тілшісі. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі хабарлады.  

«2015 жылы  «Қазақстан» телеарнасымен  «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» деген телевизиялық бағдарламаның кезекті шығарылымы түсірілген еді. Оның жұмысымен  өз кезегінде «Қазмедиа орталығы» айналысқан болатын.  Алайда монтаждау кезінде аталмыш бейне түсірілімнің жоғалып кеткендігі белгілі болған. Сондай-ақ,тексеру барысында тағы да «Алаң»  бағдарламасының да болмай шыққандығы  туралы сотта айтылған.

Сотта белгілі болғандай, Қазақстан мен Қазмедиа орталығы арасындағы келісім- шарт бойынша, бейнематериалдардың сапасы мен сақталуына қызмет көрсетуші тарап жауапты екен.

«Астананың арнайы экономикалық ауданаралық соты материалдармен жіті таныса келе, қарсы талап  тілегін қанағаттандырды»,- дейді хабарламада.

Сот, «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы АҚ пайдасына «Басқарушы компания «Қазмедия орталығы» ЖШС-нен  2 725 264 теңге өндіріп алуға шешім шығарды.

 

 

Загрузка...