Жарлық бойынша теңгенің енгізілгеніне 23 жыл толды деп, хабарлайды Today.kz Facebook-тың Ақордадағы аккаунтына сілтеме жасап. Осы күнге орай, Президенттің Жарлығы мен Қазақстан халқына үндеуі жарияланды.
Мемлекет басшысы 1993 жылдың 12 қарашасында "ҚР ұлттық валютаны енгізу" туралы Жарлыққа қол қойды.
"ҚР Конституциясының 78 бабына сәйкес, ҚР Жоғарғы кеңесінің Қаулысы бойынша 1993 жылдың 29 қазан күні қаулы етемін:
1. 1993 жылдың 15 қарашасында ҚР аумағына сағат: 08:00-де (жергілікті уақытпен) ҚР ұлттық валютасы - теңге қолданысқа енгізілсін.
2. 1993 жылдың 18 қарашасында сағат: 08:00-де ҚР теңге жалғыз заңды төлем қаражаты болады. Теңге 100 тиыннан тұрады. ҚР қолма-қол ақша банкнот және тиын ақша түрінде жүреді.
3. ҚР аумағындағы барша физикалық және заңды тұлғалар төлем ақыларының барлық түрлерін, меншіктің түріне қарамастан, сондай-ақ, ешқандай шектеу қойылмастан банктердің есебіне ақша салу тек қана теңге арқылы қабылдануы тиіс.
4. Осы Жарлық қол қойған мезеттен бастап күшіне енеді ",-делінген Жарлықта.
Комментарии
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
Отправить