Қазақстандықтар 2011 жылғы Тараздағы лаңкестік құрбандарын еске алады

Қазақстан
1403
2011 жылдың 12 қарашасында Таразда қанды қол қарақшыны қарусыздандыру кезінде ЖО ІІД Жол полициясы батальон командирі қаза болды.

Қазақстандықтар Тараз қаласында осыдан бес жыл бұрын орын алған қасіретті оқиғаны еске алады деп, хабарлайды Today.kz. Ол кезде жихадшылардың қолымен жасалған қылмыс салдарынан 7 адам көз жұмды. Оның бесеуі құқық қорғау органдарының қызметкерлері болса, екеуі  қала тұрғыны. Капитан Ғазиз Байтасов жанкештіні өз өмірін құрбан ету арқылы тоқтатқан болатын.

Ондаған бейбіт тұрғынның өмірін құтқарған батырдың ерлігі туралы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының  директоры жазған болатын.

«2011 жылы 12 қарашада біз бірінші рет лаңкестің  айбатымен бетпе-бет келдік. Ол күндері  қорқыныш пен үрейді, естен тануды бастан өткіздік. Мұндай жағдай біздің елде де болатын көрдік. Сондай-ақ, өз өмірін құрбан ету арқылы біздің өміріміздің қауіпсіздігін қорғайтын батырдың бар екендігіне куә болдық. Басқа жандардың өмірін сақтау үшін гранатаны кеудесімен жапқан капитан Ғазиз Байтасов болатын. Қызметтік борышын абыроймен атқарған осындай жандарды еске алып, жақындары мен туған-туыстарына қолдау көрсетуіміз керек. Сондықтан, біз осы күні нағыз батырлардың есімдерін еске алып, ұмытпауға тиіспіз »,-деп жазды өзінің Facebook парақшасына Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының  директоры Ерлан Қарин.

Таразда Ғазиз Байтасовты еске алу күнінде, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатары жаңа буынмен толықты деп, хабарлайды Kazinform.

Жас полиция қызметкерлеріне  сөз арнаған полиция полковнигі Құтбаев: «Сіздер еліміздегі азаматтарымызың конституциялық құқығын қорғауды бірінші кезекке қоюларыңыз керек. Ол сіздердің борыштарыңыз және міндеттеріңіз.  Әркім өз ісінің кәсіби маманы болуға бар күш-жігерін сарп етуі  керек. Жерлесіміздің ерлігі тек қана Жамбыл аймағына емес, барлық полиция қызметкерлеріне үлгі болмақ. Өкінішке орай, Ғазиз Байтасовтың өмірі әділетсіздікпен ерте үзілді. Өз өмірін құрбандыққа шалып, көптеген бейбіт жандардың  өмірін сақтап қалды»,-деді.   

 Ақмола облысының ІІД акт залында Ғазиз Байтасовты құрметпен еске алды.

Ақмола полиция қызметкерлері Ғ. Байтасов жайлы деректі фильмді көргеннен кейін өз пікірлерімен бөлісті: «Ғазиз Байтасовтың ерлігі  Отанға қызмет етудің жарқын үлгісі. Бұл қайғылы оқиға жамбылдықтарға ғана емес, барлық қазақстандықтарға да ауыр тиді. Қанды оқиғаның орын алғанына бес жыл толса да, Ғазиз Байтасовтың ерлігі жүрегімізде мәңгі сақталады».

Ғазиз Байтасовтың өлімі

Естеріңізге сала кететін болсақ, 2011 жылы  12 қарашада Тараз қаласында 7 адамды өлтірген қанды қол қарақшыны қарусыздандыру кезінде Жамбыл облысының ІІД Жол полициясы жеке батальонның бірінші взвод командирі, полиция капитаны Ғазиз Байтасов қаза тапқан болатын.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасына көрсеткен ерен ерлігі мен қызметтік борышын өтеудегі  қайсарлығы үшін Жамбыл облысының  ІІД Жол полициясы жеке батальонның бірінші взвод командирі, полиция капитаны Ғазиз Байтасовқа «Халық қаһарманы» деген атақ берілді. Қайтыс болғаннан кейін.

 

 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить