1198

Назарбаев Додонды Молдавияның президентігіне сайланғанымен құттықтады

Мемлекет басшысы өзінің құттықтауында екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастық қарым-қатынастың тарихы тереңде жатыр деді.
Фотография - Назарбаев Додонды Молдавияның президентігіне сайланғанымен құттықтады Сурет: ©Арман Мухатов

Нұрсұлтан Назарбаев Игорь Додонды Молдова президенті болып сайланғанымен құттықтап, жеделхат жіберді деп хабарлайды, Today.kz Ақордаға сілтеме жасап.  

Мемлекет өзінің құттықтауында екі елдің арасындағы достық пен ынтымақтастық қарым-қатынастың тарихы тереңде жатыр деді.

«Сіздің осы жоғары  мемлекеттік қызметке келуіңіздің арқасында екі ел арасындағы қарым-қатынас дамып, нығая түспек. Молдавия мен Қазақстан халықтарының мүддесі бір жерде тоғысады деген сенімдемін»,-делінген жеделхатта.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев, Игорь Додонға зор денсаулық, жауапты мемлекеттік қызметте үлкен табыстар мен  жетістіктер, ал достығы мығым молдава халқына бейбітшілік пен биіктерге жетуді тіледі.

Естеріңізге сала кететін болсақ, 3 қарашада Қазақстан мен Молдавия елі денсаулықсақтау саласында  өзара  ынымақтастық орнатуға қол жеткізген болатын.