884

ҚР Парламенті Сенатында салық заңнамасына түзету енгізуді мақұлдады

Заң жобасы сенаттың бейінді комитетіне екінші оқылымға дайындау үшін жіберілді.
Фотография - ҚР Парламенті Сенатында салық заңнамасына түзету енгізуді  мақұлдады Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында  депутаттар «кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Today.kz.

«Заң жобасымен салықтық және әкімшілік еселеген жүктемені жасамау барысында құн салығы бойынша ең төменгі шектілік мәні 2017 жылмен бірге алғанда 30 мың АЕК-ке қосып қарастырылған. Сондай-ақ, 2020 жылға дейін кезеңімен 15 мың АЕК-ке дейін төмендету белгіленіп отыр»,-деп заң жобасын түсіндірді ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

Сонымен бірге, ауылшаруашылығы кооперативтерінің жер қойнауын пайдаланған кезде ол жерге коммерцияға қатысты жағдай тудырмаса, жерді сақтай отырып, табыс салығынан босату көзделген. Сонымен бірге салық  мәселесін жеңілдету есебінде, қолда бар жерлерге асыл тұқымды мал өсіру ұсынылып отыр.  

Заң жобасында алкоголь өнімдері мен темекі заттарына арналған акциздерді кезең-кезеңімен арттыру қаралды. Министрдің түсіндіруі бойынша, арақ өнімдерінің бір литрына 2017 жылы – 2000 теңге, 2018 жылы - 2 275 теңге, 2019 жылы – 2 550 теңге. Ал сыра өнімдерінің бір литрына ұсынылатын акциз 2017 жылы – 39 теңге; 2018 жылы – 48 теңге; 2019 жылы – 57 теңге. Темекі өнімдерінің мың данасына 2017 жылы – 6 200 теңге;  2018 жылы – 7 500 теңге; 2019 жылы – 8 700 теңге өсіру қарастырылған.

Салық заңнамасына түзету енгізу

17 қазанда  ҚР Парламент Мәжілісінде Қуандық Бишімбаев, бірінші рет түзетулер топтамасын ұсынған болатын. Кейінірек, ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында  мәжіліс депутаттары «кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Загрузка...