816

Қарағанды облысында күштің желдің әсерінен дауылды алдын ала ескерту хабарланды

Облыстың солтүстігінде боран соғады деп күтілуде.
Фотография - Қарағанды облысында күштің желдің әсерінен дауылды алдын ала ескерту хабарланды Көрнекі сурет

Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті облыста ауа райы бұзылды деп, хабарлайды  Today.kz ведомстваның баспасөз-қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазгидромет» РМК-ның ақпаратына сәйкес, 24 қарашада аймақтың территориясында оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін күшті жел соғады. Ол секундына 23 метрге дейін күшейеді.

Облыстың солтүстігінде боран соғады деп күтілуде.

«Халықты қырағы болуға шақырамыз. Ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты бақылап, балаларды қараусыз қалдырмай, ауа райына лайықты киініп, әсіресе түнгі уақыттарда, алыс-жақын жолдарға сапарға шығуға тиым салынады",-делінді ТЖД хабарламасында.

Ертеректе, ҚР ІІМ ТЖК  Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында дауылды алдын ала ескертуді хабарлаған болатын. 24, 25-ші қараша күндері аталмыш аймақтарда қатты  боран күтілуде.

Загрузка...