1288

«Жиырма сегіз панфиловшылар» фильмі көрерменге жол тартты

Қазақстан «Жиырма сегіз панфиловшылар» фильмін түсіруге 80 миллион теңге қаржы бөлген.
Фотография - «Жиырма сегіз панфиловшылар» фильмі көрерменге жол тартты Сурет: wikipedia.org

24 қарашада көптен күткен «Жиырма сегіз панфиловшылар» әскери фильмі көрерменге жол тартты. Туындыны бірінші болып Қазақстан мен Ресей көрермендері тамашалайды деп, хабарлайды Today.kz.

«Жиырма сегіз панфиловшылар» - бұл совет жауынгерлерінің аңызға айналған ерліктеріне арналған тұңғыш фильм. Кинотуынды жазушы А. Бектің "Волоколамское шоссе" шығармасы желісінде, Панфилов дивизиясының атқыштар батальонының командирі Бауыржан Момышұлының баяндауы негізінде түсірілді.

Фильмнің оқиғасы 1941 жылдың күзінде басталады. 1941 жылы 16 қарашада, Дубосеково разъезі маңында генерал Иван Васильевич Панфиловтың қолбасшылығымен 316-шы атқыштар дивизиясының 28 жауынгері Мәскеуге бет алып келе жатқан неміс танкі батальонын тоқтатқан.

Фильмнің қысқы көрінісі Санкт-Петербургте және Ивановода түсірілді. Фильмнің финалдық кадрларында  Алматыдағы  28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы көрсетіледі.

Туындыны Астанаға ресми сапармен келген Ресей көшбасшысы Владимир Путин мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбав көріп, екі ел президенттері бағаларын берді.

Қазақстан «Жиырма сегіз панфиловшылар» фильмін түсіруге 80 миллион теңге қаржы бөлген.

Жобаға Ресей мен Қазақстанның мәдениет министрліктері қолдау көрсетті.

 

Загрузка...