Назарбаев 2020 жылдан кейінгі өз президенттігі туралы сұраққа жауап берді

Қазақстан
1395
Мемлекет басшысының сұхбатынан үзінді Ақорданың баспасөз-қызметінде жарияланды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Bloomberg агенттігі журналистеріне, 2020 жылдан кейінгі өз президенттігі туралы сұраққа жауап берді. Мемлекет басшысының сұхбатынан үзіндіні Facebook әлеуметтік желісіндегі Ақорданың ресми аккаунтында жарияланды.

Мемлекет басшысына 2020 жылдан кейін билікте қала ма деген сұрақ қойылды.

«Адам өмірінің ұзақтығын дөп басып айту қиын шығар. Мен ұзақ жылдардан бері жұмыс істеп келемін. Сіздер оны білесіздер. Сол үшін де сынға көп түсемін. Аз жұмыс істейсің бе, көп жұмыс істейсің бе, мәселе онда емес. Бастысы, істеген ісің қаншалықты нәтижелі. Қызметің арқылы өз халқыңа, еліңе  пайдаң тиіп жатыр ма, жоқ әлде керісінше ме? Сондықтан, да біздің заң бойынша, Конституциямыз аясында өз кандидатурамды ары қарай ұсына аламын. Ал 2020 жылы жағдайдың қалай болатындығын айта алмаймын. Ол көптеген факторларға байланысты»,-деп жауап берді Президент.

Нұрсұлтан Назарбав АҚШ сайлауының қорытындысы туралы бірнеше мәселеге тоқтала келе,  өзіне Дональд Трамптың ұстанымдарының ұнайтындығын жеткізді.

«Маған оның әлем экономикасын бөлшектеуге қарсы екендігі ұнайды. Не болып жатқанын қараңыз. Саяси жағынан қарағанда, транстынықмұхиттық ынтымақтастықта Америка Құрама Штаттары болғандықтан, Трансатланттық ынтымақтастыққа да Америка мен Еуропа кіреді. Ал біз қайда қалдық, ортасында ма? Картаға қараңызшы, біз, Ресей, Қытай, Үндістан, Пакистан елдері ортада тұрмыз. Не ары емес, не бері емес. Сондықтан, Шанхай ұйымы немесе Еуразиялық үлкен бірлестік аясына бірігуге тура келеді. Ал Дүниежүзілік сауда ұйымын қайда жібереміз? Әркім көрпені өзіне тартады. Еркін сауда болмайды. Әркім өз істегенін жөн көреді ", - деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, ол дүниежүзілік саудаға нұқсан келтіреді.

«Шекара мәселесі көтеріледі. Ол әлем экономикасына қауіпті. Қандай жаһандану болады? Яғни, бұдан кейін, тағы бір дағдарыс орын алады. Ал Трамп мыразаның бұған қарсылық танытып отырғандығын, өз басым қатты қолдаймын», - деп атап өтті Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылға жоспары

22 қараша күні, Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында Қазақстан Президенті, билікті балаларына беруді жоспарлап отырмағанын жеткізді. Мемлекет басшысы 2020 жылға дейін қызмет ететіндігін, төрт жылдан кейін тағы да американың  журналистерімен кездесетінін айтты.

Үкімет пен  парламентке өкілеттік беру

Журналистердің үкімет пен парламентке өкілеттік беру туралы сұрағына жауап берген көшбасшы: "Қазақстан дағдарыс кезінде президенттік биліктен кетпеуі керек",- деді ҚР Президенті.

Қазақстан Президентінің Трамп туралы пікірі

Мемлекет басшысы Дональд Трамптың АҚШ Президентігіне сайлануын оң бағалады. Нұрсұлтан Назарбаевың айтуынша, жаңа америкалық көшбасшының саясаты шикізат бағасын арттыруға ықпалын тигізеді. Қазақстан Президентінің пікірінше, 2017 жылдың басында шикізат нарығында оң өзгерістер байқалатын болады. 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить