Алматыда Нұркент бас жобасы мен ҚР өзге де қалалар жобасы талқыланды

Қазақстан
960
Алматы қаласы әкімі орынбасарының айтуынша, бұл семинарда үкіметпен бекітілген бірнеше қалалар құрылысының бас жобасы ұсынылады.

Алматыда Қазақстанның XIV қала құрылысы форумы жұмысын бастады деп, хабарлайды Today.kz тілшісі. Форумның ортақ тақырыптарының бірі, Нұркент қаласы құрылысы бас жобасының таныстырылымы. Бұл елді мекен Қытай шекарасында орналасқан.

«Біз сіздермен кездескенімізге қуаныштымыз. Аталмыш форум посткеңестік елдер сәулетшілерінің басын қосып, олардың қызығушылығын арттыру. Біздің көрмеге ұсынылған стенділерде елдің қалалары мен ауылдары үшін орындалған қалалар мен ауылдарды сәулеттендіру жобалары, Алматының ең үздік жобалары, Ақтөбе облысының қала құрылысын жоспарлау, ақпараттық материалдар бойынша дайындалған кешенді жобасы, ҚР алғашқы әзірленген өңірлік жобалар, шетел қонақтарының жұмыстары жарияланды. Біз қазақстандық қалалар үшін, құрылыс саласын жылжытып, толыққанды және сапалы ортаны қалыптастыруды қолға аламыз", - деп форумды ашты, Қазақстан қала құрылысшылары Одағының президенті Любовь Нысанбаева.

"Минскград" жобалау-зерттеу ұйымының бас сәулетшісі  Александр Акентьев,  республикада өткізіліп тұратын қала құрылысшылар форумынан қалмайтындығын және қазақстандықтардың қонақжайлылығын алға тартты.

«Әр уақытта сіздерге келген сайын, керемет жұмыстардың жемісіне куә боламыз. Сіздерге үлкен қызығушылықпен және қуанышпен қараймыз. Үнемі сіздерде тың идеялар, ерекше, заманауи жобалар болып жатады. Бізге бұл жақсы жұмыс істеудің үлгісі болмақ. Сіздердің елге зор құрмет білдіреміз»,-деді Александр Акентьев.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, форум семинарында 2016 жылы үкіметпен қабылданған Алматы облысындағы Нұркент бас жобасы мен ҚР өзге де қалалар жобасы ұсынылады.

Форумға шетел мамандары, отандық ғалымдар, сәулетшілер, қала құрылысшылары, Қазақстан қалалары мен аймақтарының әкімшілік өкілдері, қала құрылысы мен сәулетшілердің  уәкілетті мемлекеттік органдардары шақырылды.

Естеріңізге сала кететін болсақ, 24 қыркүйекте, Алматы облысы Панфилов ауданындағы Қытаймен шекаралас жерде Нұркент қаласын тұрғызу белгіленген болатын. Жаңа елді мекенің ерекшелігі, қала заманауи қазақ үлгісінде салынады. Нұркент тек жаяу жүргіншілер қаласы ретінде айшықталмақ. Жаяу жүргіншілер аймағы автокөлік артерияларымен өзара қиылыспайды, яғни жаяу жүргіншілер аймағы көліктен толығымен тазартылып, көлік байланыстарының орнына велосипед жолдары төселеді.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить