771

Назарбаев үш этномәдени театрына ҚР Академиялық мәртебесін берді

Мемлекет басшысының пікірінше, бұл елдегі барлық өнер саласының дамуындағы жаңа кезең болады.
Фотография - Назарбаев үш этномәдени театрына ҚР Академиялық мәртебесін берді Сурет: today.kz

Қазақстандағы үш этномәдени театрға ҚР Академиялық мәртебесі берілді. Бұл туралы Астанада өткен ҚХА этномәдени бірлестіктерінің «Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» атты фестивалінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді деп, хабарлайды Today.kz тілшісі.

«Мемлекет әрдайым этномәдени бірлестіктерді қолдайды, балаларды мектептерде оқыту үшін қаржыландырады, ана тілін үйретеді. Біздің газеттер мен журналдар 15 тілде шығарылып, театрлар алты тілде сөйлейді. Қазақстанда ғана бұл нағыз шындық, ол басқа елдерде жоқ. Мен бүгін үш театрға ҚР Академиялық мәртебесін беру туралы шешім қабылдадым. Олар: ұйғыр, неміс және корей театрлары»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының пікірінше, бұл Қазақстандағы барлық өнер саласының дамуындағы жаңа кезең болады.

ҚХА фестивалі

Естеріңізге сала кететін болсақ, Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің «Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» атты фестивалі өткен болатын. Фестиваль кезінде Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мың бала" және "Қайырымдылық Керуені" жалпы республикалық жоба қорытындысы белгілі болды. Мемлекет басшысы өзінің сөз сөйлеу барысында, Қазақстан барлық қазақстандықтар үшін - қара шаңырақ деді. 

Загрузка...