1174

«Қазақстан Аруы» байқауының жүргізушісі тікелей эфирде қатысушыға ұсыныс жасады

Сүндет Байғожин, "Мәңгілік махаббат" әнінен үзінді орындап, бойжеткенге өзіне тұрмысқа шығуын сұрап, ұсыныс жасады.
Фотография - «Қазақстан Аруы» байқауының жүргізушісі тікелей эфирде қатысушыға ұсыныс жасады Сурет: today.kz

"Астана Опера" театрының жетекші солисті Сүндет Байғожин, «Қазақстан Аруы-2016» байқауына қатысушылардың бірі, Қостанайдан келген Айткүл Нұрмановаға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады деп, хабарлайды Today.kz. Ұсыныс тікелей эфирдің кезінде жасалды.

Айта кетейік, театрдың танымал солистінің жүрегінен шыққан ұсынысы, отандық телеарналардың бірінен тікелей эфирде көрсетілді.

Естеріңізге сала кететін болсақ, 10 желтоқсанда, Бейбітшілік және Келісім сарайында «Қазақстан Аруы-2016» байқауының финалдық шоуы өткен болатын. Тәж үшін, ҚР барлық өңірлерінен 25 бойжеткен бағын сынады. Жеңімпазға бес миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталады. Сондай-ақ, Қазақстан елін "Әлем Аруы 2017" халықаралық байқауында танытады.

Айта кету керек, бұл байқауда жасалынған жалғыз ұсыныс емес. Бұрын Павлодардан келген қатысушы Айзат Қожабаеваға жас жігіт раушан гүл шоғымен сахнаға шығып, ұсыныс жасаған болатын. Бойжеткен: «Иә», деп жауап берді. 

Загрузка...