918

Қазақстанның тоғыз облысына дауылды алдын ала ескерту хабарланды

Өңірлерде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Фотография - Қазақстанның тоғыз облысына дауылды алдын ала ескерту хабарланды Сурет: today.kz

ҚР ІІМ ТЖ Комитеті Қазақстанның бірнеше облыстарына желтоқсанның 16-сы мен 18-і күндері дауылды алдын ала ескертуді хабарлады деп, мәлімдеді Today.kz ведомстваның баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Желдің күшеюі кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін, ал екіпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы болып, бірден 13-18 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 12-17 градус жылылықты көрсетіп, бірден 3-8 градусқа дейін суықтықты көрсетеді.

Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын түсіп, соңы қарға ұласады. 16 желтоқсан күні түнде және 17 желтоқсан күні таңертең кей жерлерде қатты жауын-шашын жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің күшеюі секундына 15-20 метрге дейін жетіп, кей жерлерде желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін ұласып, тау асуларында секундына 30 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы болып тұрып, бірден 12-17-ге дейін суытады. Ал  күндіз 12-17 градус жылылықты көрсетіп, бірден 1-6 градусқа дейін төмендейді.

Қызылорда облысында да жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін, екпіні кейде секундына 25 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылылықтан бірден 15-20 градус аязға жетсе, күндіз 0-5 градус жылы болып тұрып, 12-17 градусқа дейін аяз болады.

Алматы облысында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыстан соққан жел кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін, кейде екпіні секундына 25 метрге дейін, кей жерлерде секундына 30 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы болып тұрып, 13-18 градусқа дейін суытса, күндіз 12-17 градус жылылықты көрсетіп, 6-11 градусқа дейін аяз болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қар араласқан боран соғады. Желдің күшеюі секундына 15-20 метрге дейін жетсе, кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін, сондай-ақ, күндіз секундына 30 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы күрт төмендеп, түнде 2-7 градус, кей жерлерде 10-15 градустан 15-20 градусқа дейін төмендеп, аяз болады. Кей жерлерде 25-30 градус суық болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарынының кейбір жерлерінде қар жауып, боран соғады. Батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетіп, кейде секундына 25 метрге дейін соғады. Ауа температурасы күрт төмендеп, түнде 23-28 градус болады. Желтоқсанның 18-і күні 28-33 градусқа дейін төмендейді.  

Тас жолдарға шектеу енгізу

Қазақстанның үш облысындағы жолдарға шектеу енгізілді.

Алматы облысында күшті жел мен боранның соғуы тас жолдардағы көріну мүмкіндігіне кедергі келтіруде. Үшарал - Достық (83-184 километр) тас жолындағы көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.  

Ақмола облысында қатты жел мен қар жауып, жолдың нашар көрінуі тіркелген. Алматы - Екатеринбор (Астанадан Қарағанды облысының шекарасына дейін, 1280-1353 километр) тас жолындағы көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.  

Қарағанды облысында көктайғақ болып, боран соғып, жолдың нашар көрінуі тіркелді. Алматы - Екатеринбор (Теміртаудан Ақмола облысы шекарасына дейін, 1051-1142 километр) тас жолындағы көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.  

 



Загрузка...