826

Қазақстанның Қарулы күштерінде экипаждардың даярлығы басталды

Ертеректе, мамандықтар бойынша жеке құрамды дайындықтан өткізу жүргізілген болатын.
Фотография - Қазақстанның Қарулы күштерінде экипаждардың даярлығы басталды Сурет ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен алынды

Қазақстанның Қарулы күштерінде экипаждардың, есептоптар мен бөлімшелердің ауқымды дайындығы басталды деп, хабарлайды Today.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілеме жасап.

Ведомствада, аталмыш дайындық лезде бірнеше мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді деп түсіндірді.

Соның ішінде, экипаждардың, есептоптардың, бөлімшелердің үйлесуі мен далалық, әуе және теңіз машығын жетілдіру, жеке құрамның қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерін меңгеруі, қауіпсіздік талаптарына сәйкес оған техникалық қызмет көрсету және жауынгерлік қолдануға әзірлікте ұстап тұруға білім мен дағдыны арттыру.  

Сабақтар жеке құрамның жоғары психологиялық тұрақтылығы мен дене төзімділігін, тәртіптілігі мен жауапкершілігін шыңдауға, жалпыәскери ұрыс қиындықтары мен күрделі жағдайлардағы жүктемелерді еңсеруге септігін тигізеді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, экипаждарды, есептоптарды, бөлімшелерді дайындау алдында қазақстандық армияда жаңа 2017 оқу жылы басталысымен мамандықтар бойынша әскери қызметшілердің жеке дара даярлығы болып өткенін айта кеткен жөн. 

Жауынгерлік арналымға сәйкес ұрыстың тың жағдайларында жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге әскери қызметшілердің ұдайы әзірлігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар ағымдағы жылғы қаңтардың 4-і мен 20-ы аралығында өтеді.