Ғарышкер Талғат Мұсабаевты әріптестері туған күнімен құттықтады

Фотография - Ғарышкер Талғат Мұсабаевты әріптестері туған күнімен құттықтады

Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

Ұшқыш алғаш рет ғарыш кеңістігінде 1994 жылы болды.

560 0

Юрий Гагарин атындағы Ғарышкерлер дайындау орталығының басшылығы мен қызметкерлері Талғат Мұсабаевты туған күнімен құттықтады деп, хабарлайды Today.kz  орталыққа сілтеме жасап.

Әріптестері Мұсабаевқа мықты денсаулық, табыс, көтеріңкі көңіл-күй және ұзақ та, бақытты ғұмыр тіледі.

Фото -

Талғат Мұсабаев ғарышта үш рет болды. 1994 жылғы маусымның 1-інен қарашаның 4-іне дейін «Союз-ТМ-192» ғарыш кемесінің борт-инженері ретінде ғарышта болды. Ұшу кезінде ұзақтығы 11-ден астам сағатта 2 рет ашық ғарыш кеңістігіне шықты. Ұшу ұзақтығы 125 тәуліктен асты.

Екінші рет 1998 жылы қаңтардың 29-ы күні «Союз-ТМ-27» және «Мир» ғарыш кемелерінің командирі ретінде ғарышта болды. Ұшу кезінде ұзақтығы 30-дан астам сағатта 5 рет ашық ғарыш кеңістігіне шықты.

Үшінші рет 2001 жылғы сәуірдің 28-і мен маусымның 6-ы аралығында «Союз-ТМ-32» ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыштық стансасына барған бірінші экспедицияның экипаж командирі міндетін атқарды.

Фото -

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!