Синоптиктер ҚР-да қаңтардың 8-і мен 10-ы күндері болатын ауа райын болжады

Фотография - Синоптиктер ҚР-да қаңтардың 8-і мен 10-ы күндері болатын ауа райын болжады

Сурет: ©Алмас Төлеке

Республиканың үш өңіріне дауылды алдын ала ескерту хабарланды.

474 0

Метеорологтар Қазақстанда қаңтардың 8-і мен 10-ы күндері болатын ауа райын болжады. Республиканың үш өңіріне дауылды алдын ала ескерту жарияланды деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Солтүстік-Қазақстан облысында боран болып, күшті жел соғады. Сондай-ақ, синоптиктер Павлодар облысында жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жететін жел соғып, қар жауып, боран болады деп болжайды. Маңғыстау облысында желдің күшеюі мүмкін.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанға Жерорта теңізінен жылу мен ылғалдың үлкен қоры бар әуе массалары келеді.

«Олармен климаттық нормадан 8-15 градус жоғары бақылаушы ауа температурасы байланысты. Демалыс күндері жел бағыты өзгермейді, нормадан жоғары температураны сақтап, сондай-ақ батыс және солтүстік облыстарының кейбір жерлерінде қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Елдің қалған аумағында өрісі жоғары атмосфералық қысымның әсерімен жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі, көктайғақ болады»,-деп хабарлады мамандар.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!