ҚР Тұрақты Өкілі сенім грамоталарын БҰҰ Бас хатшы Антониу Гутерришке табыстады

Фотография - ҚР Тұрақты Өкілі сенім грамоталарын БҰҰ Бас хатшы Антониу Гутерришке табыстады

Сурет ҚР СІМ баспасөз қызметінен алынды

Салтанатты рәсімде тараптар бір-біріне әріптестігінің одан әрі дамитындығына сенім білдірді.

255 0

Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Омаров Бас хатшы Антониу Гутерришке сенім грамоталарын тапсырды деп, хабарлайды Today.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рәсім Ұйымның Нью-Йорктағы штаб-пәтерінде өтті. Рәсімнен кейін орын алған сұхбат барысында Қайрат Омаров пен Антониу Гутерриш бір-бірін қызметтеріне кірісулерімен жылы құттықтап, Қазақстанның БҰҰ-мен әріптестігінің одан әрі дамитындығына сенім білдірді.

Қайрат Омаров сұхбаттасушысын Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі басымдықтары жайлы хабарландырып, Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша ғаламдық ұйымның жетекшілігімен халықаралық жігерлерді жандандыру маңызын ескерді.

Өз кезегінде Бас хатшы Антониу Гутерриш Қазақстанның халықаралық сахнадағы жетістіктеріне жоғары баға берді.

Осыған байланысты, Антониу Гутерриш басқарып отырған Ұйымның Қазақстанмен саяси диалог пен практикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.

Ол әлемнің барлық мемлекеттерімен, соның ішінде Қауіпсіздік Кеңесінің барлық тұрақты мүшелерімен тығыз ынтымақтастық орнатқан ел ретіндегі Қазақстанның едәуір беделін басып айтты.

БҰҰ-ның жаңа Бас хатшысы

2016 жылы 5 қазанда, БҰҰ Бас Ассамблеясы Португалияның бұрыңғы премьер-министрі Антониу Гуттеришті аталмыш ұйымның Бас хатшысы лауазымына бекітті. Оның кандидатурасын Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері мақұлдады.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!