Синоптиктер ҚР-да қаңтардың 10-ы мен 12-сі күндері болатын ауа райын болжады

Фотография - Синоптиктер ҚР-да қаңтардың 10-ы мен 12-сі күндері болатын ауа райын болжады

Сурет: ©Алмас Төлеке

Республикада алдағы үш тәулік бойы құбылмалы ауа райы күтіледі.

496 0

Қазақстанда қаңтардың 10-ы мен 12-сі күндері құбылмалы ауа райы күтіледі деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Алдағы тәулікте Қазақстанның көптеген облыстары батыс циклон ықпалында болады. Елдің батыс және солтүстік өңірінде ауа райының қолайсыздығына сәйкес, қар жауып, боран соғады. Ал оңтүстік аймақта температура жоғарылайды»,-деп хабарлады метеорологтар.

Циклон батыстан шығыс жаққа қарай жылжып, температураның жоғарылауы күтіледі. Ал орталық және шығыс, оңтүстік облыстарда қар жауады деп болжануда.

Сонымен, қаңтардың 10-ы және 11-і аралығында солтүстік облыстарда күндізгі ауа температурасы 10-13 градус суықтықты көрсетсе, оңтүстік аймақта 10 градус жылы болады.

Дауылды алдын ала ескерту республиканың үш өңіріне хабарланды. СҚО және Қарағанды облысында боран соғып, жел екпіні күшейеді. Атырау облысында тұман түсуі мүмкін.

Қаңтар айына ауа райы болжамы

Gismeteo.kz ақпаратының негізіне сәйкес, ҚР қаңтар айында қатты аяз болмайды деп болжанып отыр. Астанада болжамды орташа айлық температурасы 8-10 градус төмендікті көрсетеді. Аздаған жауын-шашын болуы мүмкін.

 

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!