Стамбұлда бөгелген қазақстандық туристер елге оралды

Фотография - Стамбұлда бөгелген қазақстандық туристер елге оралды

Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

10 қаңтар күні Стамбұл әуежайынан Қазақстанға жоспарланған барлық рейстер ұшып келді.

369 0

10 қаңтар күні рейстері бөгелген Стамбұлдағы қазақстандықтар елге оралды деп, хабарлайды Today.kz ҚР Инфестициялар және даму министрлігі туризм индустриясы департаментінің басшысы Марат Иғалидың Facebook әлеуметтік желідегі ресми аккаунтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша Қазақстанға төмендегі рейстер оралды:

Air Astana әуе компаниясының КС870 рейсі, сағат 13:00-де, Стамбұлдан – Атырауға  ұшып келді.

Turkish Airlines әуе компаниясының ТК359 рейсі, сағат: 19:35-те, Стамбұлдан – Астанаға 120 жолаушымен ұшып келді.

Pegasus Airlines әуе компаниясының PC568 рейсі, сағат: 21:04-те, Стамбұлдан – Алматыға 95 жолаушымен ұшып келді.

Air Astana әуе компаниясының КС 1350 рейсі және Turkish Airlines әуе компаниясының ТК350 рейсі (біріккен рейсі), сағат: 21:40-та, Стамбұлдан – Алматыға 100 жолаушымен ұшып келді.

Atlas Global әуе компаниясының КК6774 рейсі, сағат: 21:50-де, Стамбұлдан – Шымкентке 125 жолаушымен ұшып келді.

Air Astana әуе компаниясының КС912 рейсі, сағат: 22:05-те, Стамбұлдан – Алматыға  125 жолаушымен ұшып келді.

SKAT әуе компаниясының  DV812 рейсі, сағат: 00:45-те, Стамбұлдан – Ақтауға 114 жолаушымен ұшып келді.

Түркиядан Қазақстанға келетін рейстердің бөгелуі

7 қаңтарда Turkish Airlines әуе компаниясы Стамбұлдағы ауа райының қолайсыздығына байланысты, Қазақстаннан келетін екі  рейсті кейінге қалдырды. Turkish Airlines әуе компаниясы қардың қатты жаууына байланысты, қаңтардың 6-сы және 7-сі күндері Стамбұл – Алматы – Стамбұл және Стамбұл – Астана – Стамбұл бағытындағы рейстерді кейінге қалдырды.

Turkish Airlines әуе компаниясының рейстері кейінге шегертілгендіктен, 214 адам Стамбұлдан Қазақстанға ұшып келе алмаған болатын.

 

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!