2020 жылдан бастап денсаулық сақтау саласының мамандарын лицензиялаудан өткізеді

Фотография - 2020 жылдан бастап денсаулық сақтау саласының мамандарын лицензиялаудан өткізеді

Сурет: ©Арман Мухатов

Бұл үлгі отандық дәрігерлердің кәсіби деңгейін көтеріп, өзара мамандықтар арасында бәсекелестік тудырады деп күтілуде.

230 0

2020 жылдан бастап Қазақстанда денсаулық сақтау саласының мамандарын білімі мен біліктілігі негізінде міндеттелген лицензиялаудан өткізеді деп, хабарлайды Today.kz мемлекеттік "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, бұл үлгі отандық дәрігерлердің кәсіби деңгейін көтеріп қана қоймай, өзара мамандықтар арасында бәсекелестік тудырады. Науқастар үшін бұл өз еркімен емдеуші дәрігерді таңдауына мүмкіндік береді.

Емтихан екі кезеңнен тұратын болады. Білімі мен тәжірибесі есепке алынады. Айта кету керек, бұл үлгі 2018 жылдан бастап студенттерге де енгізілетін болады.

«Бұл әдіс сапалы медициналық көмек көрсету мен медицина мамандарын даярлау деңгейін көтереді. Сондай-ақ, медициналық қызмет көрсетудің сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Қызмет көрсету бұзылған жағдайда, лицензиядан айыруға және лицензия жұмысын тоқтатуға мүмкіндік береді»,-деп хабарлады ҚР ДСӘДМ Ғылым және адами ресурстар департаментінің басшысы Ұлмира Нұрәлиева.

Министрлік жанындағы Білім мен дағдыларды бағалау республикалық орталығы мамандарының айтуынша, дәрігерлердің біліміне тәуелсіз баға беретін АҚШ-тың бірегей Ұлттық медицина кеңесінің емтихан алушы мүшелері жаңа үлгіні енгізуге көмектесіп отыр.

«Бұрын біздің дәрігерлер сертификат алу үшін, содан кейін санатты жоғарылату үшін емтихан тапсыратын. Қазір халықаралық талаптарға байланысты, дәрігерлер лицензиялық емтихан тапсырады. Яғни, олар науқастармен, пациенттермен жұмыс істеу үшін лицензия алады. Айта кетейік, осыған ұқсас емтихан әлемнің  70-тен асқан еліне енгізіліп отыр»,- деп атап өтті ҚР ДСӘДМ Білім мен дағдыларды бағалау республикалық орталығының жетекші маманы Күлсара Досмамбетова.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!