Қазақстан Құрлық әскерлерінің жауынгерлік атыстары басталды

Фотография - Қазақстан Құрлық әскерлерінің жауынгерлік атыстары басталды

Сурет: ©Алмас Төлеке

Практикалық сабақтар «Астана», «Оңтүстік», «Шығыс» және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының оқу-жаттығу полигондарында өтуде.

479 0

Қазақстан Құрлық әскерлерінің артиллериялық бөлімшелерінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес жауынгерлік атыстар басталды деп, хабарлайды Today.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өңірлік қолбасшылықтарда аталған міндеттерді орындау нәтижелері бойынша үздік есептоптарды іріктеу жүргізіледі. Алдағы уақытта үздік есептоптар әрі қарай «Артиллериядан оқ ату шебері» конкурсының іріктеу кезеңінде Құрлық әскерлерінде өтетін жарыстарда өз өңірлік қолбасшылықтарының атынан сайыстарға қатысатын болады», - деп Ракета және артиллерия әскерлері бас қолбасшылығының офицері подполковник Ақан Құсайынов атап өтті.

Атыс бағындыруға тиісті нысанаға қарай жарықшақ-қопарғышты, кумулятивті, сауыт бұзар, калиберден кіші және практикалық снарядтар болып өткізіледі.

ҚР Қарулы күштерінде командалық-штабтық жаттықтыру 

Естеріңізге сала кететін болсақ, 2016 жылдың желтоқсан айында кешенді тактикалық-саптық сабақтар шеңберінде Қазақстанның Қарулы Күштерінде командалық-штабтық жаттықтыру өткізілді. Жаттықтыруға Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштер құрылымдық бөлімшелерінің жедел құрамы, Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері, сондай-ақ, өңірлік қолбасшылықтар тартылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!