ҚР биліктің тармақтарында өкілеттіктерді қайта бөлу жұмыстары басталды

Фотография - ҚР биліктің тармақтарында өкілеттіктерді қайта бөлу жұмыстары басталды

Сурет: ©Арман Мухатов

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойды.

417 0

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді деп, хабарлайды Today.kz.

Жұмыс тобын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы басқарады.

«Оның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің, Үкіметінің, Жоғарғы Сотының, өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ заңгер қоғамдастығы мен ғылыми-сараптамалық қауымдастықтың өкілдері кірді»,-делінген хабарламада.

Қазақстандағы мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу

Естеріңізге сала кететін болсақ, 2016 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыста биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлудің қажеттілігін мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда президенттік басқару нысаны сақталады. Назарбаев, осы мәселелерді  арнайы комиссия зерттеп, тиісті заңдарға мүмкіндігінше Қонституцияға да өзгерістер мен ұсыныстарды енгізсін деп атап өтті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!