Нұрсұлтан Назарбаев «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшысы Ерболат Досаевпен кездесті

Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшысы Ерболат Досаевпен кездесті

Сурет: akorda.kz

Кездесу барысында Мемлекет басшысына холдингтің 2016 жылғы қызметінің қорытындысы жөніндегі есебі және одан әрі даму жоспары ұсынылды.

585 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басшысы Ерболат Досаевпен кездесті деп, хабарлайды Today.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына холдингтің 2016 жылғы қызметінің қорытындысы жөніндегі есебі және одан әрі даму жоспары ұсынылды.

Ерболат Досаев өз сөзінде акционерлік қоғамның активі 4 трлн 100 млрд теңгеден асып, таза табысы 30 млрд теңгені құрап отырғанын айтты.

Сондай-ақ, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Мемлекет басшысын «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамының жұмысы жайлы және еліміздегі экономикалық ахуал мен Ұлттық банктің жаңа монетарлық саясатын ескере отырып, холдингтің стратегиялық дамуына өзгерістер енгізуге арналған жоспарлары жөнінде хабардар етті.

Нұрсұлтан Назарбаев холдингтің елдің экономикасы үшін маңызы зор жобаларды іске асыру барысындағы рөлін атап өтті.

«Холдингтің алдына әуел бастан ірі жобаларды несиелеу жөнінде міндет қойылған. Алайда, экономикалық дағдарыс жағдайында «Бәйтерекке» көптеген түрлі қосымша тапсырмалар берілді. Осыған байланысты қазір оның бұдан арғы қызметінің стратегиялық перспективаларын айқындау қажет», – деді Қазақстан Президенті.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!