Тәжин ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды

Фотография - Тәжин ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды

Сурет: kapital.kz

Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

212 0

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып Марат Тәжин тағайындалды деп, хабарлайды Today.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары етіп тағайындалсын»,-делінді хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен Бағлан Майлыбаев босатылды.

Марат Тәжин 1960 жылы Ақтөбе қаласында туылған. Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітіріп, Лондон университетінде тағылымдамадан өтті. Әр жылдары ҚР ҰҚК төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, ішкі саясат басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметтерін атқарды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!