Назарбаев ҚР Консти­туциясына енгізілген өзгерістерді талқылауға Өкім шығарды

Фотография - Назарбаев ҚР Консти­туциясына енгізілген өзгерістерді талқылауға Өкім шығарды

Сурет: today.kz

Тиісті Өкім Ақорда сайтында жарияланды.

5205 30

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Консти­туциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын бүкілхалықтық талқылауға шығару туралы Өкіміне қол қойды деп, хабарлайды Today.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Консти­туциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы бүкілхалықтық талқылауға шығарылсын, ол 2017 жылғы 26 қаңтар 2017 жылғы 26 ақпан аралығында өткізілсін»,-делінген Мемлекет басшысының Өкімінде.

Аталмыш Заң жобасы бұқаралық ақпарат құрал­дарында жарияланады.

«Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобы бүкілхалықтық талқылау барысында айтылған ұсыныстарды талдауды және жинақтап қорытуды, осы ұсыныстарды ескере отырып, Заң жобасын пысықтауды және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізуді қамтамасыз етсін»,-делінген құжатта.

Естеріңізге сала кететін болсақ, 25 қаңтарда Мемлекет басшысы биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлуге байланысты арнайы үндеуін мәлімдеді.

Қазақстандағы мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу

2016 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыста биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлудің қажеттілігін мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда президенттік басқару нысаны сақталады. Назарбаев, осы мәселелерді  арнайы комиссия зерттеп, тиісті заңдарға мүмкіндігінше Қонституцияға да өзгерістер мен ұсыныстар енгізілсін деп атап өтті. 13 қаңтарда, ҚР биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы болып өтті. Жұмыс тобы мүшелері ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

24 қаңтарда, Қазақстан Президенті Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты. Мемлекет басшысы әуел бастан Қазақстан Президентінің ерекше құзырына жатқызылған өкілеттіктер санының азаятынына назар аударды. Сондай-ақ Қазақстан Президенті мемлекеттік басқару жүйесінде Парламенттің рөлін пәрменді түрде күшейту қажеттігін атап өтті.




Загрузка...

Пікір (30)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Tasha19911991 7 нау. 2017

Теперь самое главное верно проинформировать население, точно и ясно разьяснить поправки

Жауап беру


Madina Yeskendirova 7 нау. 2017

дааа это самое главное донести до своего народа, Tasha19911991,

Жауап беру


Жанна Еркинкызы 7 нау. 2017

Согласованное решение с народом - показывает единство всего государства!

Жауап беру


Нащгул 7 нау. 2017

Единство наша сила!

Жауап беру


Мадина Нургалиева 7 нау. 2017

мы должны понимать что эти реформы нужны в такое время, сейчас очень много глобальных вызовов и наша страна должна быть готова к ним

Жауап беру


Асқар 7 нау. 2017

Дұрыс бағытты ұстанды. Еліміз үшін, болашақ ұрапағымыз үшін ең дұрысы шешім.

Жауап беру


Адлет Каирбек 7 нау. 2017

Келісемін! Біздің Елбасымызды, Мен және халық қолдайды!

Жауап беру


Алишер Бекболсынов 7 нау. 2017

Заңдарды Сараптаудан өткізген дұрыс. Себебі сараптаудан өткен сайын сапасыда арта туспек. Ал Қазақстан үшін қазір ең керегі сапалы заңдар жинағы.

Жауап беру


Бауыржан 7 нау. 2017

Біз барлығымыз бір ауыздан елбасымызды шешімін қолдамыз керек сияқты реформаларға енгізілген өзгерістер қазақстаның дамуына үлесін тигізеді деген ойдамын

Жауап беру


айбек 7 нау. 2017

бул реформалар бизге керек. Бир орында турып калмау керек Казакстанымыз дами берсин

Жауап беру


Гулбану 7 нау. 2017

Демократиялығымызды артыра түсетін заңдар қабылданып жатыр

Жауап беру


Orazali Sarsenov 7 нау. 2017

бұл Елбасының дұрыс шешімі, себебі қолдап жатқан реформалар көп өзгерістер әкеледі. Сондықтан жақсылап ойланып, шешім қабылдау керек

Жауап беру


Жарас Кемерханов 7 нау. 2017

Қандай өзгеріс болмасын, тек жақсылық болғай.

Жауап беру


Алишер Бекболсынов 7 нау. 2017

Елдегі саяси өзгерістер əрине орынды. Алайда тұрақты заң бекіту керек.

Жауап беру


Жарас Кемерханов 7 нау. 2017

Өзгерістердің болғаны орынды, бірақ сол өзгеріс конституциямызға жазылып қана қоймай, жұмыс жасалып жатса нұр үстіне нұр болар еді.

Жауап беру


Алина 7 нау. 2017

Халқымызбен бірге келісе отырып шешім қабылғананына қуаныштымын. Еліміз алда жарқын заманда дамиды.

Жауап беру


Алина 7 нау. 2017

Елде бірлік, татулық болса, көпетеген белестерді бағындырамыз.

Жауап беру


Талғат 7 нау. 2017

Мы должны верить президенту

Жауап беру


Далида 7 нау. 2017

Люди относятся с недоверием, это естественно. Но я уверенна, пройдет совсем немного времени и казахстанцы поймут, что Назарбаев, обладая дальновидностью, делает все для процветания нашей страны.

Жауап беру


Erkin Sembygali 7 нау. 2017

время чтобы послушать народ, его мнение и посмотреть реакцию, все делается правильно, ведь серьезные решения надо принимать не спеша

Жауап беру


Амир Маден 7 нау. 2017

Елбасын қолдау біздің парызымыз. Оның бізге бергені көп.

Жауап беру


Дархан 7 нау. 2017

Талқылауға ұсынғаны өте дұрыс , себебі келісіп істелген нәрсе әр уақытта да нәтижелі болады..

Жауап беру


Амир Маден 7 нау. 2017

Елдегі Өзгерістерді бүкіл халық болып талқылауымыз қажет. Өйткені барша Қазақстанға қатысты дүние.

Жауап беру


Олжас Бегайдаров 7 нау. 2017

Бүкілхалықтық талқылау өте дұрыс!!!Халық өз пікірін айтып,ұсыныстар берсе жетістікке əкелетініне сенімдімін!

Жауап беру


m_aidana 7 нау. 2017

Все будет хорошо! Мы должны верить в Правительство и в будущее нашей страны!

Жауап беру


Жанна Алпысбаева 7 нау. 2017

Народ должен знать, что впереди всё самое лучшее.

Жауап беру


Нурба 7 нау. 2017

Аггитацию правильно сделать и всё. И народ будет проинформирован. Главное ясно и четко.

Жауап беру


Айман Оразымбетова 7 нау. 2017

Я верю что эти реформы только улучшить нашу страну будущем,я верю Президенту!

Жауап беру


Асель Багитова 7 нау. 2017

Очень рада данной Конституционной реформе, предстоящей задачей является проинформирование населения о предстоящих изменениях

Жауап беру


Жарас Кемерханов 9 нау. 2017

бірлесе шешкен шешім ғана өзінің жемісін беретініне кәміл сенемін, халықпен санасып халықтыңда ойымен бөліссе деп ойлаймын өз басым.

Жауап беру