2819

Жақында Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзовтің тойы болады.

Продюсер табынушыларының сауалдарына жауап бере отырып, өзінің өмірбаяндық кітабының шығатын күнін болжамды түрде хабарлады.
Фотография - Жақында Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзовтің тойы болады. Сурет: instagram/@bayanmaxatkyzy

Продюсер Баян Есентаева Instagram арқылы тікелей эфирге шығып, жақында болатын кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов екеуінің үйлену тойы туралы әңгімеледі деп, хабарлайды Today.kz.

«Той қашан?» Жақында-жақында»,-деді жұлдыз өзінің аккаунтындағы тікелей таратылым кезінде.

Сондай-ақ, ол тікелей эфирге шығып, өзінің Гонконгта демалып жатқандығын айта келе, Тұрсынғали Алагөзов екеуінің Қытай Жаңа жылын қарсы алуды жоспарлап отырғандығын хабарлады.  

Бұл кезде кәсіпкер болашақ жарының тікелей эфир арқылы жолдаған сөздеріне: «Сізді Сүйемін» және «Сіз Кереметсіз» деп түсініктеме берді.

Продюсер табынушыларының сауалдарына жауап бере отырып, өзінің жеке өмірі туралы жазылып жатқан өмірбаяндық кітабының екі айдан кейін шығатын мәлімдеді.

«Кітаптың шығуына аз қалды. Екі айдан кейін оқырмандардың кітап сөресінде тұрады»,-деді Баян Мақсатқызы.

Айта кету керек, жұлдыз алғаш рет Instagram арқылы тікелей эфирге шықты. Таратылымды 12 мыңға жуық пайдаланушы көрді.

Естеріңізге сала кететін болсақ, 2016 жылдың қараша айында, қазақстандық танымал продюсер Баян Есентаева өзінің өмірбаяндық кітабын баспаға дайындап жатқандығын айтып, одан үзінді де жариялаған болатын. Ертеректе, БАҚ және әлеуметтік желіде Баян мен кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтің махаббаты туралы ақпарат пайда болған еді. Кейініректе, кәсіпкер өзінің әртіспен түскен суретін аккаунтына жариялады. Бұл жаңалақтардың бәріне Баян Есентаева өзінің Instagram парақшасында тұрмысқа шығатынын мәлімдеп, нүкте қойды. 

Загрузка...