959

Қазақстанның үш қаласындағы мектептер сабақтары тоқтатылды

Астана, Қостанай және Қарағанды қалаларында қатты аяз болып, кейбір жерлерде боран соғуда.
Фотография - Қазақстанның үш қаласындағы мектептер сабақтары тоқтатылды Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Астана, Қостанай және Қарағанды қалаларындағы оқушылардың бірінші ауысымындағы сабақтары кейінге шегерілді деп, хабарлайды Today.kz. Аталмыш қалаларда қатты аяз болып, кейбір жерлерде боран соғуда.

Астанада 1-ші мен 9-шы сынып оқушылары сабаққа бармайды. Елордада ауа температурасы 27 градусқа дейін төмендеді.

Қостанайда 0 мен 8-ші сынып оқушыларының сабақтары уақытша тоқтатылды. Қалада ауа температурасы 29 градусқа дейін суытып, жылдамдығы секундына 5-7 метр болатын оңтүстік-батыс желі соғуда.

Қарағандыда 0 мен 4-ші сынып оқушыларының сабақтары кейінге шегерілді. Ауа температурасы 25-27 градусқа дейін төмендеп, жылдамдығы секундына 4-5 метр болатын жел соғуда.

Ақпанның 10-ы мен 11-і күндеріне ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш күнде боран мен екпінді жел күтілуде.

Қазақстанның төрт облысына дауылды алдын ала ескерту хабарланды.

Сондай-ақ, ауа райының қолайсыздығынан Қазақстанның сегіз өңірі мен Астана тас жолдарындағы көлік қозғалысына қойылған шектеу сақталынуда.

Загрузка...