817

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Қазақстанда барлық адамдар Пасханы жылы сезіммен қабылдайды.
Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады Сурет: ©Арман Мұқатов

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда барлық адамдар Пасханы, сондай-ақ басқа да маңызды діни мерекелерді жылы сезіммен қабылдайды деп, хабарлайды Today.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.    

«Біздің елімізде барлық адамдар Пасханы, сондай-ақ басқа да маңызды діни мерекелерді жылы сезіммен қабылдайды. Бұл бірегей дәстүр біздің қоғамымыздың татулық, достық және келісім құндылықтарымен бекітілген бірлігін айшықтай түседі»,-деді ҚР Президенті.      

Назарбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда барлық конфессиялардың бір-бірін сыйлауға және ашық пікірлесуге негізделген жемісті ынтымақтастығы – Қазақстанның ерекше мақтанышы.   

«Ежелгі Пасха мейрамы – жаңғырудың, ізгі үміт пен жағымды істер жасауға талпыныстың нышаны. Осының барлығы жүйелі түрде түбегейлі өзгерістерді жүзеге асырып жатқан еліміздің қазіргі даму кезеңімен үндесіп жатыр. Жарқын мерекеде барлық қазақстандықтарға денсаулық, отбасыларына амандық, барлық бастамаларына табыс тілеймін!»,- делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауында.

Дүниежүзінің халқы 16 сәуір – маңызды діни мерекелердің бірі Пасханы атап өтуде.

Загрузка...