778

Синоптиктер ҚР сәуірдің 17-сі мен 19-ы күндері болатын ауа райын болжады

Республиканың басым бөлігінде алдағы үш тәулікте күн бұлтты болып, кейбір жерлерде жауын жауады.
Фотография - Синоптиктер ҚР сәуірдің 17-сі мен 19-ы күндері болатын ауа райын болжады Көрнекі сурет

Сәуірдің 17-сі мен 19-ы күндері республиканың басым бөлігінде алдағы үш тәулікте күн бұлтты болып, кейбір жерлерде жауын жауады. ШҚО дауылды алдын ала ескерту жарияланды деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктер өңірде найзағай ойнап, тұман түсіп, жылдамдығы секундына 18 метр болатын жел соғады деп болжайды.

Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында 15 градус жылы болады. Республиканың батысында 22 градус, оңтүстігінде 24 градус жылы болады.

Орал, Талдықорған, Алматы және Шымкент қалаларында жауын жауады деп күтілуде.

Загрузка...