720

Қазақстандықтарды сәуірдің 18-і мен 20-ы күндері қандай ауа райы күтеді

Қазақстанның басым өңірлерінде қысқа мерзімді жауын-шашын болады деп күтілуде.
Фотография - Қазақстандықтарды сәуірдің 18-і мен 20-ы күндері қандай ауа райы күтеді Көрнекі сурет

Қазақстанның басым өңірлерінде қысқа мерзімді жауын-шашын болады деп күтілуде деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. Елдің батысында жауын болуы ықтимал.

18 сәуірде, Қазақстанда тұман түсіп, екпіні күшті жел соғады деп күтілуде.

Сәуірдің 18-і мен 20-ы күндері елде орта тәуліктік температура климаттық нормадан жоғары болады.

«Сәуір айындағы тұрақсыз ауа райының салдарынан Ресейдің Еуропалық бөлігіндегі орталық аудандарда жаңа циклон пайда болады. Осындай циклондар мен атмосфералық фронттардың әсерімен батыс облыстарда жауын-шашын күтіледі»,- деп хабарлады «Қазгидромет» РМК-да.

Астанада сәуірдің 18-і күні күн ашық болғанымен жауын жаумайды. Жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жететін оңтүстік-батыстық жел соғады. Сәуірдің 19-ы мен 20-ы күндері күн бұлтты болғанымен, жауын жаумайды.

Алматыда сәуірдің 18-і, 19-ы және 20-ы күндері күн бұлтты болғанымен жауын жаумайды. Екпінді жел күтілмейді.


Загрузка...