727

Ернар Бәкенов ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Бұл туралы ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі хабарлады.
Фотография - Ернар Бәкенов ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды Сурет ҚР ҰЭМ баспасөз қызметінен алынды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі болып Ернар Бәкенов тағайындалды деп, хабарлайды Today.kz ҚР ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі №218 қаулысымен Ернар Бәкенов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды»,-делінген хабарламада.

Ернар Бәкенов 1974 жылы Қарағанды қаласында туған.  Е.А.Бөкетов атындағы Карағанды мемлекеттік университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Қарағанды қаласындағы Халық банкінің Ленин аудандық филиалында бақылаушы-кассир, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің кедендік рәсімдеуді бақылауды ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі, бас инспекторы, бастық, «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Сыртқы сауда саясатын және сауданы дамытуды талдау департаментінің бас сарапшысы, директордың орынбасары, директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Халықаралық экономикалық интеграциялар департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Загрузка...