Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын 2017 жылдың 28 маусымында өткізу туралы Жарлыққа қол қойды деп, хабарлайды Today.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 69-бабына сәйкес, 2011 жылғы тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2017 жылғы 28 маусымға тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі»,-делінген Жарлық мәтінінде.
ҚР Парламенті Сенатында 47 депутат бар. Оның 15-ін ел Президенті тағайындайды. 32-сі маслихат депутаттарынан сайланады (әр облыстан және Астана, Алматы қалаларынан екі адамнан шығады).
Комментарии
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
Отправить