679

Мамырдың 2-сі мен 4-і күндері қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді

Республиканың жеті облысына дауылды алдын ала ескерту хабарланды.
Фотография - Мамырдың 2-сі мен 4-і күндері қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді Көрнекі сурет

Синоптиктер мамырдың 2-сі мен 4-і күндері Қазақстанда болатын ауа райын болжады. Ауа райына сәйкес, республиканың басым бөлігінде күн бұлтты болады. Жеті өңірге дауылды алдын ала ескерту жарияланды деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында тұман түсуі ықтимал. Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында жылдамдығы секундына 20 метр болатын екпіні күшті жел күтілуде. Маңғыстау және Атырау облыстарында шаңды дауыл тұрады.

Елдің солтүстігінде және орталығында термометр бағаны 17-19 градус жылылықты көрсетеді. Шығыста 7 градусқа дейін суытып, батыста 27 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік облыстарда 23 градус жылы болады.

Күннің күрт суытуы

Синоптиктер Қазақстанның сегіз өңірінде үсік жүреді деп болжап отыр. Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында күннің күрт суытуы күтіліп отыр.

Мамыр айына ауа райы болжамы

Ертеректе редакция Gismeteo.kz ақпараты бойынша мамыр айына ауа райын дайындаған болатын. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады деп болжап отыр.