986

Жапония қазақстандық азаматтар үшін келу визасын ресімдеуді жеңілдетеді

Бұл туралы ҚР СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов пен Жапонияның сыртқы істер министрі Фумио Кисидоның кездесуі кезінде белгілі болды.
Фотография - Жапония қазақстандық азаматтар үшін келу визасын ресімдеуді жеңілдетеді Сурет ҚР СІМ баспасөз қызметінен алынды

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бастаған қазақстандық делегация «Орталық Азия + Жапония» диалогына қатысушы мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының 6-шы Кеңесіне қатысты. Кеңес 1 мамырда Ашғабатта өтті. Бұл туралы Today.kz редакциясына Қазақстанның СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Шара аясында Қайрат Әбдірахманов Жапония министрі Фумио Кисидомен кездесу өткізді.

Ашғабаттық отырыстың күн тәртібіне тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу, сауда мен инвестициялар, қауіпсіздік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласында аймақтық ықпалдастықты ілгерілету мәселелері кірді. Іскер ортасын жақсарту мен инфрақұрылымды нығайту бойынша пікірлер алмасты.

Сұхбаттасушылар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы қарашада Жапонияға мемлекеттік іс-сапары шеңберінде қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыру барысын қарастырды.

Қазақстандық сыртқы істер министрлігінің басшысы жапон әріптесін Қазақстанның сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көліктік саясатының басымдықтарымен таныстырды.

Кездесу барысында жапон тарабы қазақстандық азаматтар үшін келу визасын ресімдеу мен олардың болу мерзімін ұзарту тәртібіндегі жеңілдетулері жөнінде мәлімдеді.

Сондай-ақ, министрлер екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен болашақтағы бағытын, көпжақты форматтағы өзара әрекеттесу, оның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жұмысы аясындағы күштерді үйлестіруді қоса талқылады.

Жапон министрі екіжақты форматтағы өзара әрекеттесуді қозғау кезінде Президент Назарбаевтың «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасының, соның ішінде еліміздің көліктік-транзиттік әлеуетінің тартымдылығын атап келіп, өзектілігін басып айтты. Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінде Жапония өзінің жаңа технологиялық зерттеулерін ұсынады.

Загрузка...