1039

Мамырдың 4-і күні қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді.
Фотография - Мамырдың 4-і күні қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді Көрнекі сурет

Синоптиктер Қазақстанда мамырдың 4-і күні болатын ауа-райын болжады. Метеорологтардың ақпараты бойынша, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Елдің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашын күтіледі. Сонымен қатар, кейбір жерлерде екпінді жел соғып, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста шаңды боран соғады.

СҚО түнде кейбір жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын екпінді жел соғады.

Жамбыл мен Қызылорда облыстарында жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел соқса, Жамбыл облысында жылдамдығы секундына 23 метр болатын шаңды боран соғады. 

Оңтүстік Қазақстан, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын екпіні күшті жел соғады.

Астанада күн бұлтты болып, жауын жаумайды. Синоптиктер жылдамдығы секундына 9-14 метр болатын оңтүстік-батыстық жел соғады деп болжап отыр. Түнде 10-12 градус, күндіз 23-25 градус жылы болады.

Алматыда жылдамдығы секундына 5 метр болатын жел соғады. Түнде 5-7 градус, күндіз 21-23 градус жылы болады.

 Мамыр айына ауа райы болжамы

Ертеректе редакция Gismeteo.kz ақпараты бойынша мамыр айына ауа райын дайындаған болатын. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады деп болжап отыр.

Загрузка...