1508

Астанада 7 және 9 мамырда мерекелік отшашу болады

Отшашу Ұлы Жеңістің нышаны болып табылатын 76 миллиметрлік зеңбіректерден артиллериялық дүркін оқ атумен жүргізіледі.
Фотография - Астанада 7 және 9 мамырда мерекелік отшашу болады Көрнекі сурет

Астанада 7 және 9 мамырда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай сағат: 22:00-де отшашу өтеді деп, хабарлайды Today.kz елордалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Отшашу Есіл өзенінің жағалауында ұйымдастырылады.

Отшашу Ұлы Жеңістің нышаны болып табылатын 76 миллиметрлік зеңбіректерден артиллериялық дүркін оқ атумен жүргізіледі. 

Салют 2 заманауи отшашу құрылғысымен жасалады. Олардың әрқайсының 173 бағыттаушысы бар.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25 жылдығына орай артиллериялық зеңбіректерден 25 дүркін оқ атылады.

Естеріңізге сала кететін болсақ, мамырдың 7-сі күні Астанада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған әскери парад өтеді.

Загрузка...