676

Қазақстандықтарды мамырдың 7-і күні қандай ауа райы күтеді

Елдің барлық аумағында тұрақсыз ауа райы күтіледі.
Фотография - Қазақстандықтарды мамырдың 7-і күні қандай ауа райы күтеді Көрнекі сурет

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  барлық  аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауады, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, тек Қазақстанның  батысында  ауа райы  жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын екпіні күшті жел күтіледі.

Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында күндіз нөсер жаңбыр жауады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын екпіні күшті жел соғып, нөсер жаңбыр жауады.

Алматы облысының кейбір жерлерінде нөсер жаңбыр күтіліп, жылдамдығы секундына 17-22 метр болатын екпінді жел соғады.

Павлодар, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын екпінді жел күтіледі.

Ақмола облысының кейбір жерлерінде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Загрузка...