827

Қазақстандықтарды мамырдың 10-ы күні қандай ауа райы күтеді

Қазақстанның төрт өңіріне дауылды алдын ала ескерту хабарланды.
Фотография - Қазақстандықтарды мамырдың 10-ы күні қандай ауа райы күтеді Көрнекі сурет

Синоптиктер Қазақстанда мамырдың 10-ы күні болатын ауа райын болжады. Метеорологтардың ақпараты бойынша, Қазақстанның төрт өңіріне дауылды алдын ала ескерту жарияланды деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Петропавл, Қарағанды, Жезқазған облыстарында нөсер жауын жауып, жел соғады деп күтілуде. Ақмола облысында үсік жүруі ықтимал.

Елдің оңтүстігінде жауын жауады деп күтілуде. Термометр бағаны өңірде 29-31 градусқа дейін көтеріледі.

Синоптиктер Қазақстанның батыс өңірлерінде күн бұлтты болады деп болжап отыр. Ауа температурасы 23-25 градус жылы болады.

Қазақстанның солтүстігі мен орталығында 22-24 градус жылы болады. Қостанай, Көкшетау, Астана, Қарағанды қалаларында жауын-шашын болуы мүмкін.

Республиканың шығысында жылы ауа райы күтіліп, 25-27 градусқа дейін көтеріледі.

Мамыр айына ауа райы болжамы

Ертеректе редакция Gismeteo.kz ақпараты бойынша мамыр айына ауа райын дайындаған болатын. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады деп болжап отыр.