682

Мамырдың 16-сы күні қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді

Республиканың басым бөлігінде күн бұлтты болады.
Фотография - Мамырдың 16-сы күні қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді Көрнекі сурет

Метеорологтар Қазақстанда мамырдың 16-сы күні болатын ауа райын болжады. Республиканың басым бөлігінде күн бұлтты болады деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Нөсер жауын мен екпінді жел, тұманның салдарынан елдің төрт өңіріне дауылды алдын ала ескерту хабарланды. Синоптиктер Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының тұрғындарын сақ болуға шақырады.

Республиканың солтүстігінде ауа температурасы 10-12 градус, шығыста 18-20 градус жылы болады деп күтілуде. Батыста термометр бағаны 18-20 градусқа дейін көтеріліп, оңтүстікте 26-28 градус жылы болады.

Астанада күндіз 16-18 градус жылы болып, күн бұлтты болса, түстен кейін аздаған жауын жауады деп күтілуде.

Алматыда күн бұлтты болып, ауа температурасы 30-32 градусқа дейін көтеріледі. Түстен кейін найзағай ойнап, аздаған жауын жауады.

Загрузка...