804

Қазақстандықтарды мамырдың 18-і күні қандай ауа райы күтеді

Республиканың басым бөлігінде жауын жауып, найзағай орын алып, екпінді жел соғып, тұман түседі.
Фотография - Қазақстандықтарды мамырдың 18-і күні қандай ауа райы күтеді Сурет: ©Алмас Төлеке

Метеорологтар Қазақстанда мамырдың 18-і күні болатын ауа райын болжады. Республиканың басым бөлігінде жауын жауып, найзағай орын алып, екпінді жел соғып, тұман түседі деп күтілуде деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  барлық  аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын күтіледі, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Республиканың  кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте көктайғақ болады»,-деп хабарлады метеорологтар.

Солтүстік  Қазақстан облысында  жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел күшейеді,  кей жерлерінде желдің екпіні жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жетеді. Жекелеген аудандарында көктайғақ болады.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе  облыстарының кей жерлерінде жылдамдығы секундына  15-22 метр болатын жел күшейеді.

Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел күшейеді.

Астана қаласында көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан  соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші секундына 9-14 метрге дейін жетеді.  Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 13-15 градус жылы болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлтты, кей уақытта  жаңбыр жауады. Желдің күші 2-7, найзағай кезінде желдің екпіні секундына 12 метр болады. Ауаның температурасы түнде 12-14, күндіз 15-17 градус жылы болады.

Загрузка...