681

Қазақстандықтарды мамырдың 24-і күні қандай ауа райы күтеді

Кей жерлерде желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батысың кей жерлерінде тұман бақыланады.
Фотография - Қазақстандықтарды мамырдың 24-і күні қандай ауа райы күтеді Сурет: ©Андрей Чеботарев

Синоптиктер мамырдың 24-і күні Қазақстанда болатын ауа райымен бөлісті. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр найзағаймен күтіледі, тек республиканың батыс және оңтүстігінде жауын-шашынсыз болады  деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Кей жерлерде желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батысың кей жерлерінде тұман бақыланады

Павлодар облысында жел 15-20, түнде кей жерлерінде жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін күшейеді,  кей жерлерінде найзағай болады. Солтүстік  Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін, жел жылдамдығы секундына 15-20 метр, Ақмола облысында түнде желдің екпіні жылдамдығы секундына 25 метр болады. Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман болып, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алматы, түнде Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, Алматы облысында жел жылдамдығы секундына 17-22 метр болады. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ақтөбе  облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан обылыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астанада көшпелі бұлтты, кей уақытта  жаңбыр жауады, найзағай болады. Жел солтүстік-батыс, батыстан соғады, күші 9-14, жылдамдығы 15-18 метрге дейін жететін екпінді жел соғады. Ауаның температурасы түнде 11-13 градус, күндіз 18-20 градус жылы болады.

Алматыда көшпелі бұлтты, кей уақытта  жаңбыр жауады, найзағай болады. Жел 0-5, найзағай кезінде желдің екпіні секундына 8 метр болады. Ауаның температурасы түнде 16-18 градус, күндіз 28-30 градус жылы болады.                       

Загрузка...