695

Мамырдың 29-ы күні қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді

Республиканың басым бөлігінде күн бұлтты болып, кейбір жерлерде жауын жауады.
Фотография - Мамырдың 29-ы күні қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді Сурет: ©Андрей Чеботарев

Синоптиктер мамырдың 29-ы күні Қазақстанда болатын ауа райымен бөлісті. Республиканың басым бөлігінде күн бұлтты болып, кейбір жерлерде жауын жауады деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Елдің бес өңіріне дауылды алдын ала ескерту хабарланды. Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұршақ жауып, найзағай ойнап, жылдамдығы секундына 20 метр болатын екпіні күшті жел соғады. Батыс Қазақстан облысында екпінді жел болады деп күтілуде. Маңғыстау облысында шаңды дауыл болуы ықтимал.

Солтүстікте 15 градус жылы болады. Батыста термометр бағаны о 23 градусқа дейін көтеріледі. Елдің орталығы мен шығысында метеорологтар 25-27 градус жылы болады деп күтіледі. Оңтүстік облыстарда ауа температурасы 33 градусқа дейін көтеріледі.

Астана, Алматы, Петропавл, Көкшетау, Өскемен, Орал, Ақтөбе, Қостанай, Жезқазған, Қарағанды, Шымкент, Тараз қалаларында жауын-шашын болады деп күтілуде.