989

Әлем бойынша қазақстандықтар етті тұтынудан артта қалған

ҰЭМ мәліметінше, ҚР әрбір тұрғыны жылына 40 келі - қант, 130 келі - нан, 73 - келі ет және ет тағамдарын тұтынады екен.
Фотография - Әлем бойынша қазақстандықтар етті тұтынудан артта қалған Көрнекі сурет

Әрбір орташа статистикалық қазақстандық жылына 56 келі ат тұтынады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз маслихатында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бірінші вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді деп, хабарлады Today.kz тілшісі.

ҚР ҰЭМ есебі бойынша, әрбір қазақстандық жылына 40 келі - қант, 130 келі - нан, 73 - келі ет және ет тағамдарын тұтынады екен.

«Сіздер білесіздер ме, етті тұтыну жағынан әлем бойынша бірінші орында қасқырлар, екінші орында қазақстандықтар деген пікір бар еді ғой. Алайда бүгінде мүлде олай емес. Етті тұтыну жағынан бірінші үштікке Люксембург – 136 келі, АҚШ – 125 келі, Аустралия– 121 келімен кіріп отыр. Ал Қазақстанның әрбір тұрғыны орташа есеппен 55, 8 келі ет тұтынады. Біз бірінші орынды да, екінші орынды да иеленбейміз»,-деді Руслан Дәленов.

Фото -

Оның айтуынша, Қазақстанда ірі қара саны алты миллион болса, қой мен ешкі саны 18 миллионға жетеді. Жылқы саны 3, 3 миллион, түйе– 200 мың, шошқа – 800 мың, құс – 38 миллионды құрайды.

 

 

Загрузка...