728

Қазақстандықтарды маусымның 7-і күні қандай ауа райы күтеді

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, кейбір жерлерде жауын жауып, назағай ойнайды.
Фотография - Қазақстандықтарды маусымның 7-і күні қандай ауа райы күтеді Көрнекі сурет

Синоптиктер маусымның 7-і күні Қазақстанда болатын ауа райын болжады. Қазақстанның басым бөлігіне фронтальды бөліктер әсер етеді, сонымен байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Жаңбыр мен найзағай күтіліп, республиканың оңтүстік-шығысының кей жерлерінде қатты жауады, екпінді жел болып, бұршақ жаууы мүмкін.Тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ақмола, Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жылдамдығы секундына жел 15-20 метр болатын жел күшейеді,  бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола облысының кей жерлерінде күндіз жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, түнде Қызылорда, Ақтөбе, күндіз  Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жылдамдығы секундына 15-20 метрлік жел күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде  түнде және таңертең тұман болып, күндіз жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстан  облысының кей жерлерінде жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градус үсік күтіледі.

Загрузка...