834

Астанаға Димаш Құдайберген Джеки Чанмен кездесуге келді

Елорданың «ҚазМедиаОрталығы» концерт залында Қытай киноларының фестивалі басталды.
Фотография - Астанаға Димаш Құдайберген Джеки Чанмен кездесуге келді Сурет: ©Әлібек Махметов

Елорданың «ҚазМедиаОрталығы» концерт залында Қытай киноларының фестивалі басталды деп, хабарлайды Today.kz тілшісі. Салтанатты ашылу рәсіміне аты аңызға айналған актер, әрі режиссер Джеки Чан қатысты. Сүйікті актерімен кездесуге қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де келді.

Жас әнші сахнаға бәріне ойламаған жерден шықты. Ол Джеки Чанның ән шашуынан кейін, өзінің әнін арнады.

Одан кейін Димаш Құдайберген Қытай тілінде ән шырқады.

Естеріңізге сала кететін бослақ, фестивль аясында алты Қытай фильмі көрсетіледі. Олар: «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі», «Кунг-фу йога», «Шынайы махаббат», «Гүл» және «Іле өзені» сынды фильмдер.

Загрузка...